Жаңалықтар

Марқұм Рим Папасының бетіндегі көгерген із көпшілікті ойландырып қойды

Марқұм Рим Папасының бетіндегі көгерген із көпшілікті ойландырып қойды
Фото: видеодан алынған кадр 24.04.2025 14:53 259

Ватикан Рим Папасы Францисктің қайтыс болғаннан кейінгі суреттерін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көпшілік назарын оның бетінің сол жағындағы ауқымды гематома (көгерген із) аударды. Бұл туралы Il Messaggero италиялық басылымы жазды.

Невролог Сабина Антиколи көгерудің пайда болуын гемиплегиямен — яғни инсульттен кейін кейде пайда болатын біржақты сал ауруымен байланыстырады. Оның айтуынша, бұл жағдай құлау салдарынан жарақат алуға себеп болуы мүмкін.

Алайда бұл болжамға күмән келтіретін жайттар да бар. 88 жастағы понтифик соңғы кездері арбамен қозғалып, тәулік бойы бақылауда болған. Сол себепті құлау ықтималдығы аз деп есептеледі.

Ватикан бұл жарақаттың нақты себебі туралы ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ. Рим Папасының өліміне себеп болған ресми диагноз — инсульт, ол 2025 жылдың 21 сәуірінде орын алған.

Сонымен қатар, шіркеу иерархтарының ресми мәлімдемелерінде өлім уақытына байланысты қайшылықтар байқалады.

Қазіргі уақытта Францисктің денесі Санкт-Петр соборында 26 сәуірге дейін қоштасуға қойылған. Осы мерзімнен кейін Сикстин капелласында кардиналдар жаңа Рим Папасын сайлау үшін конклав өткізеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға