Жаңалықтар

Марқұм болған Владимир Седовтың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі

Марқұм болған Владимир Седовтың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі
Фото: © Getty IMAGES 28.06.2023 17:49 680
Өз-өзіне қола салын қайтыс болған спортшы Владимир Седовтың қазасына орай ауыр атлетика федерациясы оның отбасына 5 млн теңге көмек көрсетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Владимир Седовтың өзі тұратын Достық ауылындағы үйінде денесі табылған болатын. Тексеру барысында ауыр атлеттің суицидтен өлгені анықталды. Ол Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және рекордшысы саналатын.
Ол бала кезінен қазақстандық спортқа берілген. 2008 жылғы олимпиадада 84 келіге дейінгі санатта төртінші орын иеленді. Үздік жетістіктері үшін "Құрмет"орденімен марапатталған. ҚР Ауыр атлетика федерациясы Владимир Седовтың отбасына бес миллион теңге көлемінде көмек көрсетеді, сондай-ақ ұлын тәрбиелеуде қажетті қолдау жасайды, - делінген федерация мәлімдемесінде.
Федерация спорт ардагерлерін қолдау жөніндегі бағдарлама әзірлеуді де көздеп отыр. Осылайша мұқтаж ауыр атлеттерге қажетті көмек беріледі. Биыл осы бағдарлама бойынша спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдауға демеушілік қаражат есебінен 10 миллион теңге бөлініп отыр. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға