Мароккода мигранттар мінген кеме суға кетті

Фото: mehrnews.com
Фото: mehrnews.com
23.07.2023 01:14
928
Марокко жағалауында заңсыз мигранттар мінген кеме суға батып кетті, нәтижесінде кем дегенде 6 адам қаза тапты. Бұл туралы Анадолыға сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мигранттар мінген кеме бір күн бұрын жартастармен соқтығысқаны анықталды. Әзірге 6 адамның денесі табылды, 48 адам құтқарылды.
Мигранттардың қай елдің тумалары екендігі туралы ақпарат айтылған жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
23 шілдеде ауа райы қандай болады
Келесі жаңалық
ШҚО тұрғыны есірткіні заңсыз өсірді деген күдікпен ұсталды