Мария Севостьянова Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
18.05.2024 16:30
661
Бүгін Вьетнамның Дананг қаласында өтіп жатқан таеквондодан 26-шы Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Мария Севостьянова 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі доданың финалында әлем чемпионы, Азия ойындары мен Үлкен дулыға бәсекесінің қола жүлдегері Ким Ю-джиннен жеңіліп қалды.
Ұлттық құрама спортшысы іріктеуде Джулие Мам (Камбоджа), Ти Туеть Транды (Вьетнам) жеңді. Ал жартылай финалда Вей Чун-Линнен (Қытайдың Тайпейі) айласын асырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды
Келесі жаңалық
WhatsApp-та тағы бір пайдалы функция пайда болады