Мариан Ордабаева Азия Ойындарының қола жүлдегері атанды

Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
07.10.2023 14:17
716
Қазақстандық Мариан Ордабаева Қытайда өтіп жатқан Азия Ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Отандасымыз бұл сында джиу-джитсудан сынға түсті. 65 кг салмақта өнер көрсеткен Ұлттық құраманың спортшысы Мариан Урдабаева қола жүлде алды. Ол қарсыласы Ажар Салықованы 7:0 есебімен ұтты.
2014 жылы Мариан Ордабаева дзюдодан қатысып, қола жүлдегер атанған болатын. Ол жолы татами шебері 63 келіге дейінші салмақта ел намысын қорғаған еді.
Бөлісу:
