Жаңалықтар

Марат Қарабаев Астанадағы кәріз-тазарту жүйелерінің қызметімен танысты

Марат Қарабаев Астанадағы кәріз-тазарту жүйелерінің қызметімен танысты
Фото: gov.kz 30.01.2023 14:28 1136

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев қаладағы 2-Жылу электр орталығы мен кәріз-тазарту жүйелерінің жұмысын тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 Қазіргі таңда халықты жылумен қамтамасыз етіп отырған орталық сонау 1979 жылы салынған. Аталған кәсіпорында 900-ге жуық адам жұмыс істейді. Бұл ретте елордадағы кәріз-тазарту жүйесіне тоқталатын болсақ, Астанадағы 2-Кәріз-тазарту жүйесінің құрылысын биыл қолға алып, 3 жылдың ішінде жүзеге асыру көзделген.

Жобаны республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен іске асыру жоспарланып отыр. Осы ретте министрлік өкілдері әкімдікпен бірлесіп, аталған нысанды жедел салу үшін өзекті мәселелерді талқылады.

Елорданың қарқынды дамуын ескерсек, қала әкімдігімен бірлескен жұмыс қолайлы әрі заманауи қалалық ортаны құруға бағытталған шараларды тиімді іске асырудың негізгі жолдарын әзірлеуге септігін тигізетінін атап өткен жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға