Марат Омаров Америкаға ән арнап, елден сөз естіді

Әнші-композитор, ҚР еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров Америка Құрама Штаттарының Майами қаласына арналған жаңа әнін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі өз әнін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, видеосын тыңдармандарына ұсынды.
Майами, Майами әрқашан тамаша, тамаша, – деп шырқайды әнші.
Сонымен қатар, әнші Америкадағы отандастарға арнап концерт бергенін айтып, тыңдармандарына алғысын білдірді:
Америкадағы өнер сүйер қауымға көп рахмет, сіздердің арқаларыңызда концерт өте жақсы деңгейде өтті!, – деді Марат Омаров.
"Ойбуй жеткен жетістік, деңгей сол болды ғой, өкінішті осындай қазақ азаматтары құрдымға кетіп жатқаны. Бірақ осы кісіге ренжуге болмайды бір мағыналы, мәнді әні жоқ қой", "Ақыл тоқтатқан, үлгі болатын ағаларымыз шет ел жағалап неғып жүр, ағылшыншалап, жүрегі қазақ деп соқса елінен кетпеу керек ғой", "Туған жеріңізге бір ән арнамап едіңіз(Созаққа), тойған жеріңізге болып кеткен жоқ па?" деп жазып жатыр жұртшылық.
View this post on Instagram
