Жаңалықтар

Маралбек Сағынғанов: ... Наурыз мерекесін аса бір асыға күтем дей алмаймын...

"El" ӘЖ нің бүгінгі қонағы - "ОРТ Еуразия" арнасы қазақ жаңалықтары департаментінің басшысы, теле жүргізуші Маралбек Сағынғанов.
20.03.2014 11:02 6597
"El" ӘЖ бүгінгі қонағы - "ОРТ Еуразия" арнасы қазақ жаңалықтары департаментінің басшысы, теле жүргізуші Маралбек Сағынғанов. "Қазконтент" АҚ Жобаларды басқару және сарапатау департаменті мен "El" әлеуметтік желісінің Наурыз мерекесіне арналған дастарханына қатысып, біздің кеңсеге арнайы қонақ болды. Домбыра шертті, әзіл айтып, әңгіме соғып арқа-жарқа боп қалдық... Едел-жедел сұхбат алып та үлгірдік.
Маралбек Сағынғанов: ... Наурыз мерекесін аса бір асыға күтем дей алмаймын...
- Маршеке, Жыл құтты болсын, мереке оң болсын! Елге қош келдіңіз!
- Көп рахмет! Шын мәнінде енді келіп жеткен жылқы жылы құтты болсын! Ел де шабысынан жаңылмайтын нағыз жүйрікке айналсын.
- Наурыз ілкі мейрам. Парсы тілінде жаңа күн дегенді білдіреді деп қалдыңыз. Жалпы, қазақтан өзге Орта Азия халықтарының тойлайтынын білеміз. Сіз қызмет ететін кеңсе қалай тойлап жатыр?
- Мен қызмет ететін кеңсе мейрамға берілген бес күннің төртеуінде жұмыс істегелі жатыр. Тойымыз осы. Көрерменді жаңалықсыз қалдырмайын деп отырмыз. Тек мереке күндері уақытымыз өзгеріп, әдеттегідей сегізде емес, тоғыз жарымда эфирге шығамыз.
Маралбек Сағынғанов: ... Наурыз мерекесін аса бір асыға күтем дей алмаймын...
- Жалпы, өзіңіз Наурыздан не күтесіз. "1 қаңтардан бастап темекі тастаймын", "диетаға отырамын" деп жататындарды білеміз. Демек, біраз халық сол күннен бір өзгеріс күтеді. Наурызда тап солай жүрегіңіз лүпілдей ме?
- Әдетте бірінші қаңтарды да, жиырма екінші наурызды да асыға күтем деп айта алмаймын. Жалпы, даталардың символикасына мән бере бермеймін. Бірақ, кеше ғана отызға толғанымды және «орда бұза қоймағанымды» ескеріп, осы жылы өзгеріс жасау керек деген тұжырымға келдім. Мүмкін өзім өзгерермін, мүмкін жұмыс өзгерер әйтеуір бірдеңе өзгеретін шығар деп үміттенем. Әрине, өзгеріс жасауға алдымен өзімнің жігерім жетсе.
Маралбек Сағынғанов: ... Наурыз мерекесін аса бір асыға күтем дей алмаймын...(kerekinfo.kz)
- Иә, айтпақшы, Жігер қалай? Балабақшадағы Наурыздан хабарыңыз бар ма? Телетілшілер нақ ортасында жүретідер ғой мереке біткеннің. Қай қоғамдық топ белсенді тойлап жатыр?
- Жігер алтыға толатын күнін асыға күтіп жүр. ))) Балабақшасы тойлатып жатыр. Бүгін ұлттық тағамдардан дастархан жайыпты, екі күн бұрын концерт өткізді. Бірақ, оған ата-аналарды қатыстырмады. Не болғанын Жігерден сұрап білдік. Бастысы өзіне ұнаған сияқты. Өкінішке орай, дәл мен медиа орталықтың ғимаратынан көп шыға бермеймін. Ал, енді әлеуметтік желілерге қарасақ қазағы көп орталар «Қазконтент», «Нұрмедиа» және «Қазақ», «Шалқар» радиолары күштілеп тойлатып жатқан сияқты.
Маралбек Сағынғанов: ... Наурыз мерекесін аса бір асыға күтем дей алмаймын...
- Қазнетте атыңыз белгілі азаматсыз. Жыл айналып, Наурыз келе Қазнет асыға күтер айтулы мереке - Блогқұрылтай. Дайындық қалай? Баратын шығарсыз?
   - Барамын деген жоспар бар еді. Бірақ, жоғарыда айтқанымдай мереке күндері жұмыс істейтін болғандықтан, жоспарға да түзету енгізуге тура келді. Дегенмен, бір күнді жырып, үлгеріп барып қалуым да мүмкін. 
Маралбек Сағынғанов: ... Наурыз мерекесін аса бір асыға күтем дей алмаймын...
- Сіз бармасаңыз ДР қайтеді? Жалпы, жазғы флешмоб шеңберінен қысқа қарай өткізер уақыт келді ғой дейм сол шараны...
- Домбыра пати қазақ бар жерде өте береді ғой. Оны, Алмас, өзің де білесің. Бірақ, шынымды айтайын, «сенсіз қалай» дегенің құлағыма жағып барады. ))) Домбыраның үні ашық аспан астында жақсырақ, тіпті еркінірек естілетін сияқты. Әдепкіде open-air форматының таңдалғаны да сол еді ғой. Дегенмен, қыстың күні тоқырап қалуға болмайды екен. Оның үстіне сұраныс бар. Қыс бойы «қашан-қашан» деп қолқа салғандар көп болды. Сондықтан келесі қысқа дейін бір амалын табамыз.
Маралбек Сағынғанов: ... Наурыз мерекесін аса бір асыға күтем дей алмаймын...
- Елдің төрінде отырсыз:) Дәстүрлі сұрақ бар: Сайттың жаңа дизайны көңілден шыға ма? Әлеуметтік желі ретінде додаға араласып кеткен ресурс қой. Өзіңіз қалай бағамдайсыз біздің әлеуетті?
 - Жаңа дизайн шынында да ескісінен тәуір. Ескісін де жаман еді демеймін. Әлеуметтік желі ретінде пайдаланбайтынымды мойындайын. Бірақ, жас авторлардың тым жақсы жазбалары баршылық. Оқып тұрамын.
- Қолданушылардың көпшілігі жастар мен оқушылар. Іні, қарындастарға не айтасыз? Сіз секілді сапалы қазақ, салиқалы журналист болу үшін, эфирде отырып ап келелі әңгіме қозғайтын жүргізуші болу үшін не істеуі керек жастар?
- Бұл сұраққа жауап бермеймін. Бермеймін деп кергіп те отырғам жоқ. Тап осындай сұрақ қоярдай үлкен іс те тындырып жатқан жоқ секілдіміз. Еңбектену керек жастар. Әйтеуір, еңбектенгеннің, талаптанғанның жерде қалмасын білемін. Жауап бермеймін деп отырып беріп қойыппын ғой:) Осыны жарияламай-ақ қойсаң қайтед, ей?! 
Маралбек Сағынғанов: ... Наурыз мерекесін аса бір асыға күтем дей алмаймын...
- Маршеке, үлкен рахмет! Наурыз ырыс әкелсін, Жігерге сәлем!
 - Жігер де сені көрсе бір мәз болып қалар еді. Осы Наурызда бір бас қосайық.
Әңгімелескен Алмас АЛТАЙ(Ел Тұтқа)
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға