Жаңалықтар

«Мақтабассың»: Роза коуч жұмыс істегісі келмейтін әйелдерді сынады

«Мақтабассың»: Роза коуч жұмыс істегісі келмейтін әйелдерді сынады
Фото: instagram.com/roza.coach 17.02.2025 14:21 369

Танымал коуч Роза Әшірбаева күйеуіне ғана сеніп, үйде жұмыссыз отыратын әйелдерге үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол күйеуінен қорлық көрген әйелдер туыстарына да керек емес екендігін, тиісінше олар далада қалатынын алға тартты. Сондықтан маман әйелдердің өз жинағы, жұмысы болуы керек деп санайды. 

«Мен күйеуге тиіп, ешқашан жұмыс істемеймін» дейтін әйелдерді түсінбеймін. Сен – мақтабассың! Қазіргі кезде дағдарыс орталықтарында жүрген әйелдердің көпшілігі жұмыс істемейді. Ол не үшін дағдарыс орталығында жүр?! Өйткені оның күйеуі оны үйден қуып жіберген кезде оны бала-шағасымен ешбір туысқаны, досы қабылдаған жоқ. Ешкім қабылдаған жоқ, қабылдамайды да. Сен өзіңді өзің асырай алмайсың. Осы үш нәрсе әйелден ешқашан бас тартпайды. Үш нәрсе сені үйден қуып шықпайды. Үш нәрсе көзіңе шөп салмайды. Ол сенің өз пәтерің, сенің ақшаң және сенің жұмысың, – деді коуч.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Роза Аширбаева (@roza.coach)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға