Жаңалықтар

«Мақсатым – 53 келіме оралу». Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі мақсатын айтты

«Мақсатым – 53 келіме оралу». Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі мақсатын айтты
Фото: instagram/erke_esmahan 05.12.2023 11:30 1368

Қазақстандық танымал әнші Ерке Есмахан жүктілік кезінде қосқан артық салмақтан арылуды бастап кеткенін айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол өзінің Instagram парақшасында перзентханаға 72 келі болып барғанын жазды.

Босанғаннан кейін, 61 келіге түстім. Арқа мен қол, аяқ пен буындарыма массаж алып бастадым. Дененде ісік те қалмауы керек екен. Дәрігерлер рұқсат берді. Ішке ғана тиіспеймін. Шілде тер шығарудамын. Қалжаланып, сорпаланып жатырмын. Мақсатым – 53 келіме оралу. Емізіп жүргесін әрі бөпемді де уайымдап, барлық тамақты жеп жатырмын. Көп дәрумен ішіп жатырмын, – дейді әнші. 

Еске салайық, өнер иесі жақында екінші рет ана атанып, ұлды болған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға