Жаңалықтар

Маңғыстаулық полицейлер 94 келі бекіре тәркіледі

Маңғыстаулық полицейлер 94 келі бекіре тәркіледі
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 30.06.2023 09:06 1119

Маңғыстау облысында полицейлер браконьерлерден 94 келі бекіре тәркіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 маусым түнгі сағат 3:00 шамасында ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында ақ түсті Volvo ХС90 автокөлігі тоқтатылды. Көліктің жүк салғышынан 94 келі 600 грамм болатын 17 дана заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

24 және 25 жастағы күдіктілер ұсталды. ҚР ҚК 339-бабы бойынша ПД сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Тәркіленген балық “Kazakh Osseter” ЖШС мекемесіне тапсырылды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Оқи отырыңыз:

Көлік терезесін сындырып, қоқан-лоқы көрсеткен жүргізуші ұсталды

Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстарының шетелдегі активтері қайтарыла ма? Бас прокуратура жауабы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға