Жаңалықтар

Маңғыстаулық кәсіпкер Қазақстан атынан халықаралық ірімшік байқауына қатысады

Маңғыстаулық кәсіпкер Қазақстан атынан халықаралық ірімшік байқауына қатысады
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі 22.07.2023 12:21 1134

Маңғыстаулық кәсіпкерлер тұңғыш рет халықаралық ірімшік байқауында  Қазақстанның намысын қорғамақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Түпқараған ауданындағы «Жеті лақ» фермасының негізін қалаушы Кобзевтер отбасы-ешкі мен түйе сүтінен ірімшік өнімдерін шығарумен айналысады. Биыл олар Mondial du fromage-2023 халықаралық ірімшік байқауына қатысады. Ерекше атап өтетін жайт, бұл халықаралық конкурсқа Қазақстаннан үміткерлер бұрын соңды қатыспаған. 

Маңғыстау «Жеті лақ» фермасы Le mondial du fromage-2023 халықаралық ірімшік байқауында Қазақстанның өнімдерін таныстырады. Бұл қазақстандықтардың конкурс ұйымдастырушыларынан аккредитация алған алғашқы жағдай. 2020 жылдан бастап жұмыс істейтін «Жеті лақ» фермасы Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында орналасқан. Кәсіпкерлер пастерленген ешкі сүтін, йогурт, айран, сүзбе, қаймақ және ірімшіктің 12 түрін шығарады. 

Маңғыстаулық кәсіпкер Қазақстан атынан халықаралық ірімшік байқауына қатысады

Кобзевтер отбасы айына 3,5 тонна ешкі сүтін өндіреді. Ферма 10 га жерді алып жатыр, оның төрт гектары ешкі өсіруге арналса, қалған аймақта жем-шөп қоймасы мен сүт өңдеу цехы орналасқан. 

- Биыл біз өндірісті дамытуға бағытталған қайтарымсыз 5 млн теңге грант ұтып алдық. Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламаларының қатысушыларымыз. Ауыл шаруашылығы кәсіпорнын өз ақшаңа дамыту өте қиын, осы тұрғыда мемлекет ауыл шаруашылығы өндірушілеріне көңіл бөліп, қолдау көрсетіп отырғаны қуантады. Биылғы жылы біз үшін маңызды оқиға Mondial du fromage-2023 халықаралық ірімшік байқауына қатысу. Онда біз өз өнімдерімізді таныстырамыз. Айта кету керек, еліміз тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан алғаш рет әлемдік ірімшік жасаушылар байқауына өз өнімдерін ұсынатын болады, - деді ірімшік дайындаушы Александра Григолова.

Француздық Le Mondial du fromage байқауы қыркүйек айының 10-12 аралығында Тур қаласында өтеді. Еуропада өтетін бұл халықаралық іс-шара сүт өнімдерін шығарушы кәсіпкерлердің өз өнімдерін ұсына алатын жоғары деңгейдегі алаң болып табылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға