Жаңалықтар

Маңғыстаулық дәрігерлер инсультке шалдыққан жаңа туған нәрестені аман алып қалды

Сәбиге ота жасалғаны белгілі болды
Маңғыстаулық дәрігерлер инсультке шалдыққан жаңа туған нәрестені аман алып қалды
Фото: ngs.ru 01.02.2023 07:10 843

Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері инсультке шалдыққан жаңа туған баланы аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүниеге келгеніне 39 күн толмаған нәресте балалар ауруханасының реанимация бөліміне өте ауыр жағдайда жеткізілген. Баланы толық зерттеп-қараған дәрігерлер «цереброваскулярлық жүйенің бұзылуы» деген диагноз қойды.


13 қаңтарда нәресте «цереброваскулярлық жүйенің бұзылуы» деген диагнозбен ауруханаға түсті. Дәрігерлер нәрестеден жедел субдуралдық гематома, сол жақ мидың ісінуі, инсультты анықтады. Шешім дереу қабылданып, шұғыл операция жасалды. 1 сағатқа созылған операция сәтті өтті, - деді нейрохирург-дәрігер Ербол Кенжебалов.


Миға операцияны балалар нейрохирургі Ербол Кенжебалов жасағанын айта кеткен жөн. Операциядан кейін 10 күн бойы реанимациядағы сәби реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Мереке Бекбаевтың, реаниматологтар Гулайым Джанованың, Амангелді Әшімханның, Елена Горбунованың бақылауында болды. Бала жасанды өкпе желдеткішіне қосылып, оған қан мен плазма енгізілді, емделді және тәулік бойы бақыланды.

Жағдай тұрақтанғаннан кейін бала палатаға орналастырылды. Жаңа туған нәресте анасымен бірге травматология бөлімінде емделуді жалғастырды. Жалпы жағдайды тұрақтандырғаннан кейін дәрігерлер баланы үйіне шығарды. Бүгінгі күні ол дәрігерінің бақылауында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға