Маңғыстауға қоқиқаздар ұшып келді
Маңғыстауға қоқиқаздар, яғни фламинголар ұшып келді. Бұл жолы оларды маңғаз аймақ ақ ұлпа қарымен күтіп алды. Сұлулыққа толы видеоны әлеуметтік желіге жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев жүктеген. Мамандардың айтуынша осылайша, Маңғыстауға қоқиқаздар миграциясы басталған. Қазір бұл аумаққа 5 мыңға жуық сұлу құс келіп қонған.
Фламинго негізінен суыққа төзімді келеді. Аяз бен мұздағы өтір суықты аяғындағы қалың терісімен еңсереді екен. Осындай айрықша қасиеттері үшін де Қызыл кітапқа енген. Олар осы Маңғыстау облысындағы Қарақия көліне келіп қонып, 15 күндей тынығып демалады. Кейін күш жинаған соң тропикалық аймақтарға қанат қағады. Мамандар қоқиқаздардың нақты осы Қарақия көліне келіп қонуын – судың жылылығымен және азықтың көптігімен байланыстырады. Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі осы бір «күлгін кереметтің» әсерлі картинасына таңданыстарын білдірсе, енді бірі видеографтың шеберлігіне қайран қалып, осындай сұлу кадрлары үшін алғысын жаудырып жатыр.