Жаңалықтар

Маңғыстауға баратын туристер саны 6% өсті

Маңғыстауға баратын туристер саны 6% өсті
Фото: primeminister.kz 03.05.2023 01:22 1583

Маңғыстау облысына соңғы екі жылда саяхаттап келетін туристер саны 6% өскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Мәулен Ғабдулқалиевтың айтуынша, 2021 жылы өңірге 29 мың шетелдік келсе, былтыр бұл көрсеткіш сәйкес кезеңмен салыстырғанда 41 мыңға дейін өскен. 

Облыстың оңтүстік әрі солтүстігінде туристер ерекше қызығушылық танытатын 200-ге жуық тарихи-мәдени орын бар. Саяхатшылар көбіне  түбектің оңтүстік беткейіндегі «Бекет ата» жерасты медресе-мешіті мен «Бозжыра» шатқалына баруды жөн санайды. Өңірде 13 мыңнан астам тарихи-мәдени, өлкетану ескерткіштер мен орындар бар. Өңірдің солтүстігіндегі туристік орындардың да танымалдығы артып келеді. Мәселен, Таушық ауылының іргесіндегі «Шахта», «Жалбырттың сайы», «Сартас» пен «Шақпақ ата», «Сұлтан үпі» жерасты мешіттерін тамашалауға туристердің қызығушылығы мол. 

- Маңғыстауда туризм саласы қарқынды дамып келеді. Әсіресе солтүстік бағыттағы туристік орындардың ерекше оқиғалары өзіне саяхатшылардың мол қызығушылығын тудырады. Мәселен, Таушық ауылының маңында 1941-43 жылдары 8 шахта жұмыс істеген. Өндірілген көмір «Сартас» теңіз порты арқылы Ресейге соғыс уақытында жөнелтілген. Ал «Жалбырттың сайы» табиғат қолымен бедерленген тас мүсіндермен ерекшеленеді. «Шақпақ ата» жер асты мешіті тарихи деректерге бай. Көне деректер 14 ғасырда өмір сүрген әулиенің есімі Шахмардан екендігін, жауға шапқанда  найзасынан от шашқандықтан Шақпақ ата деп атанғандығы жөнінде баяндайды, - дейді Мәулен Ғабдулқалиев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға