Маңғыстаудан Түркияға гуманитарлық көмек жіберілді
Бұл туралы Түркияның Ақтаудағы бас консулы Альптекин Сабри мәлімдеді
Фото: mangystaumedia.kz
Фото: mangystaumedia.kz
12.02.2023 17:19
1385
Түркиядағы жойқын зілзаладан зардап шеккендерге Маңғыстау тұрғындары жинаған гуманитарлық көмектің алғашқы партиясы жөнелтілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Жүк «Turkish Airlines» әуекомпаниясының «Ақтау-Ыстамбул» әуе рейсімен толық көлемде жөнелтілді. Альптекин Сабри облыс тұрғындарының қолдауы үшін алғысын білдірді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Павлодарда «Бижан» мешіті күрделі жөндеуден өті