Жаңалықтар

Маңғыстаудағы «ӨзенМұнайСервис» мәлімдеме жасады

«ӨзенМұнайСервис» ЖШС жыл сайын арнайы техника қызметтерін көрсетуге тендер өткізеді
Маңғыстаудағы «ӨзенМұнайСервис» мәлімдеме жасады
Фото: kmgoms 01.01.2023 18:30 2678

«Самұрық-Қазына» АҚ ережесіне сәйкес, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС жыл сайын арнайы техника қызметтерін көрсетуге тендер өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі компанияның Instagram парақшасында сілтеме жасап. 

Осыған байланысты, 2022 жылдың қараша айында серіктестік агрегаттар мен АЦН арнайы техникасы қызметтерін көрсетуге тендері жариялады. Оған «Мұнайспецснабкомпани» ЖШС және «Бек-А» ЖШС қатысқан болатын.

Желтоқсан айының 29-ы күні тендердің қорытындысы шығарылып, «Бек-А» ЖШС жеңімпаз деп танылды.

Сонымен қатар, тендер нәтижелерін тексеру барысында «ӨзенМұнайСервис» ЖШС - нің тиісті мамандарымен кішігірім қателіктер анықталды: АЦН бойынша - 44 жүргізушінің ішінде біреуінің жұмыс тәжірибесі тиісті өтілінің 4 күнінен аз, агрегат бойынша – кейбір машинистер мен мотористердің корочкалары нашар сканерленген және оқылмайды.

Әлеуметтік-еңбек шиеленісін болдырмау мақсатында 2022 жылғы 30 желтоқсанда «ӨзенМұнайСервис» ЖШС басшылығы «Мұнайспецснабкомпани» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қызметкерлерге өткізілген тендердің жеңімпазы және босатылған қызметкерлерді «Бек-А» ЖШС-не ауыстыру жөніндегі шаралар туралы хабарланды. Айта кету керек, жеңімпаз компания «Мұнайспецснаб компания» ЖШС - нің босатылған қызметкерлерін жұмысқа қабылдауға ниет білдірді.

Қазіргі уақытта «ӨзенМұнайСервис» ЖШС заңнаманың нормаларына сүйене отырып ұсыну туралы хаттамалық шешім қабылдады. «Мұнайспецснаб Компани» ЖШС тендер жеңімпазы анықталған қателерді түзеткенге дейін күнделікті қажеттілік шарттарында жұмыс көлемдерін белгілейді.

«Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу тәртібіне сәйкес жеңімпаз компания 2 (екі) жұмыс күн ішінде жіберілген кемшіліктерді түзетуге құқылы. Жүйенің келесі ашылуы 2023 жылдың 5 қаңтарына жоспарланған. Осыдан кейін тендердің жеңімпазы анықталады.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 1 қаңтарында Мұнайспецснаб Компаний ЖШС жұмысшыларымен бейнеөтініш жазылып, әлеуметтік желілерге жарияланды, онда қызметкерлер «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алуды өткізу тәртібіне қайшы келетін негізсіз талаптар қойды.

Бейне хабарламаны жазғаннан кейін қызметкерлер жинау орнынан тарап кетті, екінші ауысымда жұмысқа кіріседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға