Жаңалықтар

Маңғыстаудағы аудан аумағында 27 аялдама қолданысқа берілді

Маңғыстаудағы аудан аумағында 27 аялдама қолданысқа берілді
Фото: Бейнежазбадан скриншот 04.02.2025 06:37 100

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық-Маңғыстау бағытындағы "Басқұдық ауылдық округінің автомобиль жолын қайта құрылымдау" нысаны бойынша 31 аялдама салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап. 

Аялдамалардың барлығы жарықшам, жылытқыш және салқындатқыштармен жабдықталған. Қазіргі таңда 31 аялдаманың 27 аялдамасы халық игілігіне пайдалануға беріліп отыр. 

Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Ғабит Ерғалиұлы тұрғындарға аялдамалардағы тазалықты сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізгенін мәлімдеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға