Жаңалықтар

Маңғыстауда жыл басынан бері 20 мыңға жуық сәби өмірге келді

Маңғыстауда жыл басынан бері 20 мыңға жуық сәби өмірге келді
Фото: © Pixabay.com 12.11.2023 09:48 1084

2023 жылдың басынан бері Маңғыстау облысында 17 389 нәресте дүниеге келді. Соның ішінде облыстық «Ана мен бала» орталығында 7 543 бала туған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы 10 айдағы Маңғыстау облысы бойынша аналардың физиологиялық, асқынусыз босану көрсеткіші 18%-ды құрап отыр. Облыс аумағында жыл басынан бері тіркелген критикалық жағдайларда болған аналар саны 77 адам. Сондай-ақ, 10 ай ішінде Маңғыстау облысы бойынша 177 егіз, 3 үшем дүние есігін ашқан.

Орталықта мерзімінен бұрын туған нәрестелер саны 1 763 болса, оның ішінде дене салмағы 1 келіге дейін — 55 нәресте, 1.5 келіге дейін –65 нәресте дүниеге келген көрінеді. 

Жалпы былтырмен салыстырғанда бала саны өскен. Өзге өңірлермен салыстырғанда Маңғыстау облысы алдыңғы қатарда келе жатыр. Бірақ, денсаулығы төмен науқас балалар да дүниеге келді. Тірі туғандардың ішінен 229 (қатаң есептегі - 53) бала туа біткен немесе көптеген ақауы бар және 15 бала хромосомалық аурумен дүниеге келді, - деді Маңғыстау облыстық «Ана мен бала» перинаталдық орталығының директоры Жапырақ Епенова ханым. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға