Жаңалықтар

Маңғыстауда жұмысшы мамандықтар жылы басталды

Маңғыстауда жұмысшы мамандықтар жылы басталды
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі 08.02.2025 23:12 98

Ақтауда «Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында жұмысшы мамандықтар жылының салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Іс-шара барысында облыстағы жұмысшы мамандарын даярлайтын колледждерде студенттердің қолымен дайындалған дүниелерден көрме жасақталды. Маңғыстау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірдегі колледждердің бітіруші түлектері үшін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңесін ұйымдастырып, оған 30-ға жуық жұмыс беруші мекемелер қатысты. Бүгінде облыста жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді, жұмысшы тобының штабы құрылды.

Облысы әкімінің орынбасары Тілек Жеткізгенұлы жұмысшы мамандықтар жылының маңыздылығына тоқталып, техникалық және кәсіптік білім беру саласына еңбегі сіңген мамандарға облыс әкімінің атынан ілтипат білдіріп, алғас хаттарымен марапаттады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек»,- деп атап көрсеткендей, еңбек адамы бүгінде жастарға үлгі болуы тиіс. Мақсат- жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, олардың қоғамдағы маңызын дәріптеу. Облыста 2025-2026 жылдары оқу-зертханалық ғимарат, ІТ-hub орталығын ашу, халықаралық салалық аккредиттеуден өту, жұмыс берушілер қаражаты есебінен құзіреттілік орталықтарын ашу, кәсіпорындар мен мекемелердің нақты қажеттілігі бойынша мақсатты білім беру тапсырысын ұлғайту,  жаңа мамандықтар ашу іс-шаралары жоспарланды,- деді Тілек Жеткізгенұлы.

Шара аясында ұрпағын жұмысшы маман болуға баулып, атадан балаға мирас етіп дәріптеген династия өкілдері; еңбек ардагерлері, республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі чемпионаттарға қатысып, облыстың намысын қорғап жүрген колледж студенттері ұлықталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға