Жаңалықтар

Маңғыстауда жоғалған ер адамды алпысқа жуық тұрғын іздеуге кірісті

Маңғыстауда жоғалған ер адамды алпысқа жуық тұрғын іздеуге кірісті
Фото: Заңғар Таудай 30.07.2023 18:22 972

Маңғыстау облысындағы Құрық кентінде жоғалған азамат әлі де іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.

Іздестіру шараларына аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан, ауыл әкімдігінің қызметкерлері және ерікті жастар, ауыл тұрғындары мен балықшылары жұмылдырылған. Сондай-ақ, із-түзсіз жоғалған азаматтың туыстары да бар. 

Іздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралық қамтылған. Оған барлығы алпысқа жуық адам, 20 ға жуық техника жұмылдырылғаны белгілі болды. Олардың ішінде 1 түкұшақ, 10 қайық, жол талғамайтын көліктер бары айтылды. 

Таңғы уақытта Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 7 сүңгуір (водалаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, аталған аумақты дронмен бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға