Жаңалықтар

Маңғыстауда жезөкшелікпен айналысқан 30-дан астам адам арнайы есепке алынды

Маңғыстауда жезөкшелікпен айналысқан 30-дан астам адам арнайы есепке алынды
Фото: © Polisia.kz 01.12.2023 21:20 794

Маңғыстауда жезөкшелікпен айналысқан 30-дан астам адам арнайы есепке алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында республикалық “STOP-трафик” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара аясында “Kyzdar.net” сайтына мониторинг жүргізу барысында Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен жалдамалы пәтерлерде жезөкшелікпен айналысқан 35 азаматша анықталып, арнайы есепке қойылды. Оның ішінде үш әйел арнайы қабылдау-тарату орталығына орналастырылған. 

Сондай-ақ әлеуметтік желілерді тексеру кезінде, яғни жаңа туған сәбилерді сату, сауда құрбандарын пайдалану фактілерін анықтау негізінде адам саудасымен айналысқан 42 жастағы күдікті азамат ұсталды. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен СДТБТ-ға тіркелді. Бұдан бөлек, азаматтың тұрғылықты мекенжайына тінту жұмыстарын жүргізу нәтижесінде есірткіге ұқсас затты сақтағаны анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға