Жаңалықтар

Маңғыстауда жазасын өтеушілермен теологиялық кездесу өтті

Маңғыстауда жазасын өтеушілермен теологиялық кездесу өтті
Фото: mangystaumedia.kz 31.07.2024 00:30 473

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің тергеу изоляторында “дін мәселелері бойынша ақпараттық  орталықтың” өкілдері сотталғандармен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұл іс-шара жазасын өтеушілерді рухани және моральдық тұрғыдан қолдауға, олардың іс-әрекеттерін түсінуге көмектесуге және түзетуге бағытталған.

Кездесу барысында имам қатысушылармен режимдік талаптар жағдайында дін ұстанушылардың өзін қалай ұстау керектігін талқылады. Сондай-ақ күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын еске салды.

Мекеменің теологиялық оңалту жөніндегі инспекторы әділет майоры Мұрат Орынбай атап өткендей, мұндай кездесулер тұрақты негізде өткізіледі.  Психологиялық, білім беру және әлеуметтік қолдауды біріктіретін кешенді тәсіл сотталғандарға дүниетанымын өзгертуге және қоғамға табысты реинтеграция мүмкіндігін жақсартуға көмектеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға