Маңғыстауда жас жігіт суға батып кетті
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
09.06.2024 23:05
1384
Маңғыстау облысында жас жігіт суға батып кетті. Оқиға Ақтау қаласынан 25 шақырым жерде "Шора" каналында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2003 жылы туған жас жігіт рұқсат етілмеген орында шомылған. ТЖД қызметкерлері 1981 жылы туған оның әкесін құтқарып үлгерген.
Осы ретте құтқарушылар барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады. Бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға