Маңғыстауда жаппай төбелеске қатысқан 6 жігіт ұсталды

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр
17.07.2023 14:35
1081
15 шілде күні түнгі 03:30 шамасында Маңғыстау облысы Бейнеу ауылындағы Тәжиев көшесінде төбелес болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 24-25 жас аралығындағы 6 күдіктіні анықтап, ұстады.
Бұл оқиға Бейнеу аудандық сотқа дейінгі тергеу бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 239-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Оқиғаның жай-жапсары айтылған жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Абай облысында құдыққа құлаған жылқы құтқарылды