Жаңалықтар

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты

Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болып, 4 адам қаза тапты
Фото: t.me/ladakz 09.02.2025 16:29 446

 Маңғыстау облысындағы Бейнеу – Сай-Өтес тас жолында болған жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 6 ақпан күні қала сыртындағы жолда Toyota Camry мен КамАЗ соқтығысқан.

Соқтығыс салдарынан Toyota Camry көлігінің төрт жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Жеңіл көліктің жүргізушісі дене жарақаттарымен Бейнеу аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға