Жаңалықтар

Маңғыстауда жаңа туған сәбиін сатқан әйел ұсталды

Маңғыстауда жаңа туған сәбиін сатқан әйел ұсталды
Фото: © Polisia.kz 10.05.2023 09:30 1291

Маңғыстау облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына жаңа туған нәрестені саудалау фактісі бойынша жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Рolisia.kz мәліметінше, 4 мамыр күні сағат 13:00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жаңа туған сәбиді сатып, ақша алған 35 жастағы күдіктіні ұстады.

Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді. Полиция қызметкерлері жаңа туған нәресте тапсырылған 38 жастағы күдіктіні ұстады.

Бала сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласының облыстық мамандандырылған балалар үйіне орналастырылды.

Осы дерек бойынша Маңғыстау облысы ПД-де ҚР ҚК-нің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға