Маңғыстауда тағы да бірқатар тас жол жабылды
Маңғыстауда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар тас жолдар жабылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысында жаңбырдан кейін көктайғақтың пайда болуына байланысты сағат 10:20-дан бастап, 10 желтоқсан 10 сағатқа республикалық маңызы бар автожолда көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу енгізіледі:
Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау автожолы, «Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай»учаскесі 338-ден 705 км-ге дейін;
Ақтау-Форт-Шевченко 29-дан 132 км-ге дейін;
Ақтау-Форт-Шевченко Қаламқас кен орны 43-тен 270 км-ге дейін;
Таушық-Шетпе 0-ден 70 км-ге дейін.
Облыс тұрғындары мен қонақтарына ауа райының күрт өзгеріп, жаңбыр аралас қар жауып, жолдың тайғақ болуына байланысты сіздерді алыс сапарға шықпауға шақырамыз, делінген Маңғыстау облысы полиция департаментінің таратқан ақпаратында.