Жаңалықтар

Маңғыстауда су тапшылығы болуы мүмкін

Маңғыстауда су тапшылығы болуы мүмкін
Фото: Pixabay.com 27.04.2023 13:04 1028

Маңғыстауда 2025 жылдың соңына дейін 100-110 мың текше метрді құрайтын су тапшылығы болуы мүмкін. Бұл туралы ҚР ИИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Пазылбекұлы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл мәселені шешу үшін Маңғыстауда 9 су тұщыландыру зауытын салу көзделген.

Қазіргі таңда Маңғыстау «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры және тұщыланған теңіз суы арқылы сумен қамтамасыз етілген. Олардың жиынтық қуаты тәулігіне 164 мың текше метрді құрайды.

Ақтау қаласындағы Каспий су тұщыландыру зауытының қуатын тәулігіне 40 мың текше метрге дейін кеңейту жұмыстары іске асырылып жатыр. Биыл Форт-Шевченко қаласында 5 мың текше метрді құрайтын суды тұщыландыру зауытының құрылысына 4,2 миллиард қаражат және Ақтау қаласында қуаттылығы тәулігіне 24 мың текше метрді құрайтын «МАЭК-КазАтомӨнеркәсіп» ЖШС аумағында орналасқан зауыттың құрылысына 10 млрд теңге бөлінді, - деді Әзімбек Пазылбекұлы.

Жазғы кезеңде ауыз су тапшылығы тәулігіне  50 мың текше метрге дейін артатынын атап өтті.

Биыл жеке инвестициялар есебінен салынған «Қаражанбас» кен орнында қуаттылығы 17 мың текше метрді құрайтын зауыт ашылады.

Оның айтуынша, қазақстандықтар Еуропа елдерімен салыстырғанда суды 3 есе көп тұтынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға