Жаңалықтар

Маңғыстауда шаруа қожалықтарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету қарастырылады

Маңғыстауда шаруа қожалықтарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету қарастырылады
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі 10.02.2025 07:34 286

Маңғыстауда Қарақия ауданына қарасты Қызылқұм жеріне газ құбырларын тарту барысына бақылау жүргізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті қоғамдық коммуникация қызметінің мәліметінше, өнім көлемін арттыру, жыл бойы сапалы көкөністер, жемістерді өндіру және шаруа қожалықтарын қолдау мақсатында «Құрық ауылы Қызылқұм жерінде газ құбырын салу» жобасы іске асырылуда.

Жұмыс қарқын алды. Біз шаруа қожалықтарының өнім көлемін арттырып, жергілікті өнімді  аудан, облыс, сондай-ақ өзге өңірлердің нарығына бағдарлауды көздейміз. Маусымдық емес, тұрақты түрде өнім өндіре алатындай жайлы жағдай жасау - басты міндет. 2025 жылдың күзінде барлық шаруа қожалықтары газбен қамтылуы қажет, - деді аудан басшысы Сымбат Төретаев. 

2024 жылы жобаны жүзеге асыру үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылды. Конкурс нәтижесінде мердігер мекеме ретінде «АБТМ» ЖШС анықталды.

Жоба аясында:
•    26,1 шақырым газ құбыры тартылады;
•    1 дана ПГБ (газ реттеу пункті) орнатылады;
•    51 шаруа қожалығы табиғи газға қосылады.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2025 жылға өтпелі болып табылады. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығы - 7 ай. Жалпы ұзындығы 11,300 шақырым болатын газ құбырлары жүргізіліп, қазу жұмыстары және әр шаруа қожалығының жанына газ құбырларын орнату жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, «Құрық Порт» ЖШС жанынан Ақтау қаласына дейін салынып жатырған жол құрылысы да назардан тыс қалған жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға