Жаңалықтар

Маңғыстауда құны 7 млрд теңгеден асатын жер учаскелері қайтарылды

Маңғыстауда құны 7 млрд теңгеден асатын жер учаскелері қайтарылды
Фото: © Pxhere.com 17.08.2023 12:01 1117

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде биыл мемлекетке құны 7 млрд теңгеден асатын жер учаскелері қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Жалпы ауданы 81 мың гектарды құрайтын 94 жер учаскесі қайтарылған, оның ішінде «Алтын учаскелер» деп аталатын жерлер бар.

Мысалы, жағалау аймақтарында 2004 жылдан бері игерілмеген құны 2,6 млрд теңгені құрайтын 255,5 гектар 6 жер телімі мемлекетке қайта өтті.

Сондай-ақ прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарған. Атап айтқанда, құны 1 млрд теңге OilRealEstate ЖШС-ға тиесілі 225 гектар жер телімі мемлекетке берілді.

Жекелеген аудандарда шамамен 60-қа жуық ауылшаруашылық жерлер мал басы санының жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормаларына сәйкес келмеу себебінен толық көлемде пайдаланылмаған (20% - дан аз).

Жауапты тұлғалардың учаскелерді уақытылы түгендемеуінен өңірдегі жер ресурстарының ұтымсыз және тиімсіз пайдаланылуына әкелген. Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - делінген прокуратура мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға