Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
![Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған](/storage/storage/element/2025/01/11/mainphoto/137427/1200xauto_dtdNc5THlp8Bn3Avr75fICNKSALiluEkOYAeKr10.jpg)
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
11.01.2025 05:36
847
Облыс прокуратурасы Маңғыстау техникалық колледжінің қызметіне тексеріс жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
“Тексеріс нәтижесінде бас бухгалтермен 243 млн теңге көлемінде іс-сапар, шәкіртақы және салық міндеттемелері үшін көзделген қаражатты өзінің жеке шотына заңсыз аудару арқылы бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды”, - деді Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2 тармақшасымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Абай облысында түн ішінде монша өртенді