Маңғыстауда ит талаған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды

Фото: Коллаж EL.kz
Фото: Коллаж EL.kz
21.01.2025 19:46
736
Маңғыстау облысында ит талаған 15 жастағы жасөспірімнің денсаулығына қатысты мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бала облыстық балалар ауруханасының травматология бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақты. Ем тағайындалды, - деп мәлімдеді облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі.
Бүгін өңірдің Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында мектеп-гимназия оқушысына ит шабуыл жасағаны белгілі болды. Оқыс оқиға таңертең сағат 09:20 шамасында болған.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті