Маңғыстауда газ өңдеу зауытының басшысы 65 млн теңге жымқырды деген күдікке ілікті
Фото: ©El.kz/Нұркен Алишев
Фото: ©El.kz/Нұркен Алишев
22.08.2024 16:26
306
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры 65 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдіктенеді. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады, - делінген мәліметте.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға