Маңғыстауда электр энергиясын шектеп беру режимі алынып тасталды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
18.08.2023 14:19
1150
Маңғыстау облысында МАЭК-тің жылу электр станциясындағы №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталды. Әкімдік электр энергиясын шектеп беру режимі алынып тасталғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазіргі уақытта энергия блогының жұмысы сынақтан өткізіліп жатыр, халық пен өнеркәсіптік кәсіпорындардың көпшілігі үшін электр энергиясын шектеп беру режимі алынып тасталды, - делінген әкімдіктің хабарламасында.
Барлық монтаждау жұмысы аяқталғаннан кейін кәсіпорын қызметкерлері дәнекерленген құбырлардың металдарын бақылаудан өткізді, гидравликалық сынақтар жүргізілді.
Энергоблок 17 тамызда сағат 17:30-да қосылды. МАЭК қызметкерлері апатты тез арада жою үшін тәулік бойы үздіксіз жұмыс жүргізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға