Маңғыстауда денсаулық сақтау басқармасының басшысы айыппұл төледі

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы ҚР ӘҚБтК 680 бабы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК (172 500) теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл көмек станциясының директорын тағайындау барысында, үміткер активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тағайындалғанға дейін ұсынбаған (Заңның 11-бабына сәйкес). Яғни, Заңның 11-бабының 8-тармағында көзделген талаптарды сақтамай, Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл көмек станциясының директоры етіп тағайындайды, - делінген Маңғыстау облыстық сыбайлас жемкорлыққа қарсы департаменті таратқан ақпаратта.
