Жаңалықтар

Маңғыстауда бюджет қаржысы неліктен игерілмей жатыр

Маңғыстауда бюджет қаржысы неліктен игерілмей жатыр
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.10.2023 23:57 1607

Маңғыстауға биыл ел қазынасынан бөлінген қаржының 94,5 пайызы ғана игерілген, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Жылдың аяқталуына үш айдың үстінде уақыт қалды. Бірақ жергілікті билік әлі 2,4 млрд теңге көлеміндегі қаржыны игермеген. Оның бірнеше себебін Маңғыстау облысы қаржы басқармасының басшысы Светлана Нарешова мәлім етті.

Бюджет қаржысының игерілмеуінің негізгі себептері - атқарлыған жұмыстар үшін жұмыс актісінің уақытылы ұсынылмауы, төлемдердің нақты жүргізілген жұмыс көлеміне жүргізілуі. Мемлекеттік сатып алу қорытындыларының шағымдану және жекелеген жобалар бойынша жоба құнының өсуі. Бұлар негізінен инженерлік желілер құрылысына және «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан қолданыстағы мектептерге қосымша құрылыс салу, автомобиль жолдарын салу, ауылдық клуб құрылыстары сияқты әлеуметтік нысандар. Жобалардың қымбаттауы бойынша қазіргі таңда салалық басқармалар мен сол жобалардың сметалық құжаттамаларына өзгерту енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді Светлана Нарешова.

Ал басқа жобалар бойынша жылдың соңына дейін бөлінген қаржы игерілмек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға