Жаңалықтар

Маңғыстауда бір отбасының үш адамы газдан уланып көз жұмды

Маңғыстауда бір отбасының үш адамы газдан уланып көз жұмды
Фото: © Pixabay.com 24.02.2025 23:08 704

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында бір отбасының төрт адамы газдан уланып, үшеуі көз жұмды. Қайтыс болғандардың екеуі жасөспірімдер, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ТЖД мәліметінше, қайғылы жағдай кеше 23 ақпанда "Қаламқас" тұрғын алабында болған. Уланғандардың үшеуі де оқиға орнында қаза тапты. Бір адам аман қалып, ауыр жағдайда облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала болжам бойынша  үйдегі жылыту пешінде түтін шығатын мұржа болмаған. Соның салдарынан улы газ бөлмелерге тараған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға