Жаңалықтар

Маңғыстауда азаматтық қоғамды дамыту мәселелері талқыланды

Маңғыстауда азаматтық қоғамды дамыту мәселелері талқыланды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі 04.11.2024 22:14 369

Маңғыстау облысында Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын өзектендіру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын өзектендіру бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын мәлімдеді. 

Кезекті диалог алаңы бүгін Ақтау қаласында ұйымдастырылды. Оған өңірдің жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес сектор өкілдері, сарапшылар, волонтерлер және ҚХА мүшелері қатысты.

Кездесуде қатысушылар еліміздегі азаматтық қоғамды одан әрі дамыту жөніндегі пайымдарын бөлісіп, сондай-ақ қоғамдық шарттың жаңа форматын талқылады.

Алаңда ҮЕҰ-лардың жобалық қызметін қаржыландыруды жетілдіру, қоғамдық кеңестер мен волонтерлердің рөлін арттыру арқылы азаматтық қоғамды нығайтуға және орнықты жүйені қалыптастыруға ықпал ететін жаңа тетіктер ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, Тұжырымдама 2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен қабылданған. 2025 жылы оны бірінші іске асыру кезеңі аяқталады. Екінші кезеңі 2026-2030 жылдарды қамтиды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға