Жаңалықтар

Маңғыстауда аудан әкімі сайлауы қарсаңында ОСК төрағасы арнайы келді

Маңғыстауда аудан әкімі сайлауы қарсаңында ОСК төрағасы арнайы келді
Фото: ОСК баспасөз қызметі 15.10.2023 17:54 933

Еліміздің Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2023 жылғы 5 қарашаға тағайындалған пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу шеңберінде Маңғыстау облысына инспекциялық сапарымен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Аймаққа сапарға ОСК мүшесі Шавқат Өтемісов пен Ортсайлауком аппаратының қызметкерлері де қатысты.
Сапардың алғашқы күні оның Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің студенттерімен кездесуі өтті. Студенттермен кездесу барысында ол ел Президенті Қ.К.Тоқаевтың іске асырылған конституциялық реформалары, аралас сайлау жүйесінің ерекшеліктері, аудандық деңгейдегі әкімдерді сайлау институтын енгізу туралы кеңінен айтып берді. Студенттермен әңгімелесу барысында ОСК Төрағасы халықаралық сайлауды байқау тақырыбын қозғады. Ол ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Миссияларының елде өткен президенттік және парламенттік сайлауды байқау жөніндегі қорытынды есептері туралы айтты. ЕҚЫҰ ұсынған ұсынымдарға берілген отандық ғалымдар мен сарапшылардың бағаларына тоқталды.

70 студент онлайн дауыс беруге белсенді қатысты. Мәселен, респонденттердің 34%-ы қашықтықтан электрондық дауыс беруді енгізуді қолдайды, ал 28,6%-ы аралас электрондық дауыс беруді (стационарлық, қашықтықтан) қолайлы деп санайды; 77,1%-ы ел Президенттігіне кандидат мемлекеттік тілді білуі және лингвистикалық емтихан тапсыруы міндетті деп есептейді; респонденттердің 48,6%-ы соттылығы бар азамат Президенттің, депутаттың, әкімнің сайланбалы лауазымдарына ұсыныла алмайды деп жауап берді. 
Кездесуге қатысушылар жаңа сайлау жүйесінің ерекшеліктеріне қызығушылық танытты. Студент Аружан Бейсембаева: Бейнеу ауданынан тыс жерде алдағы әкім сайлауына қатысуға бола ма деген сауал қойды. Сондай-ақ, ол электронды дауыс беруді енгізу кезінде дауыс беруді байқау процесінің күрделену ықтималдығына және киберқауіпсіздікке байланысты тәуекелдерге назар аударды. Ажар Абдуллаеваны аудан әкімдерін сайлау барлық жерде өткізу мерзімдері қызықтырды. Студент Әсемай Мендеш бір мандатты округтер бойынша сайланған депутаттарды кері шақырып алу тетіктері туралы сұрады.

Нұрлан Әбдіровтің өңірге сапарындағы басты сұрақтардың бірі Маңғыстау ауданындағы №10 округ бойынша шығып қалғанның орнына аудандық мәслихат депутатын сайлауға дайындық пен өткізу барысының инспекциясы болып табылады. Оның төрағалығымен Шетпе кентінде кеңес өтті, онда облыстық және аудандық сайлау комиссияларының, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары сайлаушылар тізімдері, сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, мүгедектігі бар 74 адамға сайлау учаскелерінің физикалық қолжетімділігі үшін қажетті жағдай жасау, сайлау бюллетеньдерін уақытылы жеткізу және сақтау бойынша жүргізген жұмыстары туралы баяндама жасады.

Кеңесті қорытындылай келе, Ортсайлауком басшысы уәкілетті органдардың назарын сайлау учаскелеріндегі әрбір сайлаушының конституциялық құқықтары мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге аударды.

Сапар Бейнеу ауданының Төлеп және Сарға ауылдарының тұрғындарымен және әкімдерімен кездесумен жалғасты, ондағы әкімдерді халық тікелей сайлаған. Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздері сайлаған әкімдердің қызметіне оң баға беріп, сайлау жүйесінің кейбір мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Мәселен, Төлеп ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Оңайбай Есентурлиев Парламент депутаттарын сайлау кезінде мажоритарлық жүйеге толық көшуді және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына жұмыспен қамтудың түрлі салаларының өкілдерін сайлауды ұсынды, ал аудан ардагерлері кеңесінің төрағасы, Сарға ауылының тұрғыны Сұлтан Жаңбыр аудан әкімінің сайлауалды бағдарламасында әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу бойынша міндеттер болуы тиіс деген пікір білдірді. Атап айтқанда, ауылды ауыз сумен, сапалы жолдармен қамтамасыз ету және жастарды жұмыспен қамту мәселелері. Сарға ауылының спорт жаттықтырушысы Асылан Жәлел ауыл әкіміне жергілікті жастардың түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуына жеке демеушілік көрсеткені үшін алғысын білдіріп, сайланған аудан әкімі де бұқаралық спорт пен ауыл жастарының бос уақытын дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді. Кездесуге қатысушылар Гүлдана Сұлтанғалиева мен Әйгерім Исатаева аудан әкімдеріне кандидатқа қойылатын талаптарын атап өтті, олардың ішінде адалдық, әділдік және халықпен тығыз байланыс орнату бар.

Өз кезегінде, Сарға ауылының әкімі ауылдың жеке қаржы базасын ұлғайту үшін округ аумағындағы барлық кәсіпорындардың ауыл бюджетіне тікелей салық төлеуі дұрыс болар еді деп есептейді.
ОСК басшысы Бейнеу ауданының жастарымен кездесуді аудан әкімінің сайлауы туралы әңгімеден бастап, елдегі демократияны дамытудағы алдағы оқиғаның маңыздылығын атап өтіп, сайлау жүйесіндегі реформаларға егжей-тегжейлі тоқталды.
Кездесуге 106 қатысушы Ақтау қаласының студенттерімен өткізілген ұқсас дәстүрлі онлайн сауалнамаға белсенді қатысты. Екі сауалнаманың нәтижелері негізінен ұқсас болды, сонымен бірге респонденттердің 85%-ы ел президенттігіне үміткер мемлекеттік тілді біліп, лингвистикалық емтихан тапсыруы керек деп санайды.

Н.Әбдіров ауданның жас тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Мысалы, Нұрбол Бортановты әкім болуға кандидатқа қойылатын біліктілік және жас талаптары, ауданның қоғамдық кеңесінің мүшесі Ағамберді Қалдановты – байқау және учаскелік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру мәселелері қызықтырды. Анар Смайылова мерзімінен бұрын үгіт жүргізгені үшін жауапкершілік туралы, Жансая Мақсұткызы сайланған әкімдерді кері қайтарып алу мүмкіндігі туралы сұрады. Кейде учаскелік комиссиялардың қызметінде орын алатын олқылықтарды жою қажеттілігі туралы пікірлер айтылды.
Бейнеу ауданының сайлау комиссияларының мүшелерін оқыту бойынша практикалық семинар өтті. Аудандық сайлау комиссиясы іскерлік ойын түрінде оқыту тренингтерін өткізді, оған учаскелік сайлау комиссияларының 70-тен астам мүшесі қатысты. Тренинг барысында учаскелердің ашылуынан бастап сайлау күні барлық жұмыс аяқталғанға дейін оның барлық бөліктерін қамти отырып, учаскелерде дауыс беру процесі көрсетілді.

Осы ауданда Нұрлан Әбдіров №131,135 және 114 сайлау учаскелерінің жұмысымен танысты. Учаскелерді аралау барысында мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге, оларды қолдаудың әртүрлі нысандарының – компьютермен, аудио және бейне-контентпен, құлаққаптармен, қосымша жарықтандырумен, ұлғайтқыштар және т.б. жабдықталған дауыс беруге арналған үй-жайда бұрыштардың болуына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар Н.Әбдіров сайлау комиссияларының мүшелерімен, жергілікті атқарушы органның, аудандық прокуратураның, полиция және төтенше жағдайлар бөлімдерінің өкілдерімен Бейнеу ауданы әкімінің сайлауын пилоттық режимде ұйымдастыру мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Кеңеске қатысушылар өздерінің жетекшілік ететін салаларына сәйкес жүргізіп жатқан дайындық жұмыстары туралы баяндады.

Кеңес соңында ОСК төрағасы бұл маңызды сайлау науқаны заңға қатаң сәйкес жүруі және жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтуі тиіс екенін атап өтті. Барлық ұйымдастырушыларға үлкен жауапкершілік жүктелген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға