Маңғыстауда астан уланған балалар саны 140-тан асты
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
08.09.2024 13:01
458
Маңғыстау облысы Бесшоқы ауылында мектеп асханасында тамақтан уланған балалардың саны артты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы 141 бала медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазір ауруханада 82 бала емделіп жатыр. Үйде 43 бала, стационарда 16 бала жатыр.
Денсаулық сақтау басқармасы өңірде төсек-орын жабдықтары мен дәрі-дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз етілген деп сендіреді.
Еске сала кетсек, осыған дейін Бесшоқы ауылындағы No8 мектепте балалардың жаппай уланғаны, соның салдарынан 1-4-сынып оқушыларының зардап шеккені белгілі болған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты