Жаңалықтар

Маңғыстауда аққулардың неден қырылғаны белгілі болды

Маңғыстауда аққулардың неден қырылғаны белгілі болды
Фото: Ашық дереккөзден 30.12.2023 21:51 1498

Маңғыстау облысында аққулардың қырылуына байланысты сараптамалық қорытынды шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық орман щаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов аққулардың өліміне тікелей құс тұмауы себеп болғаны атады. 

Аққулардың жаппай қырылуынан кейін Алматыдағы зертханаға апарып, тиісті сараптама жұмыстары жүргізілді. Тексеру нәтижесінде олардың құс тұмауынан қырылғаны  белгілі болып отыр. Бастапқыда құстардың қырылуы отызға жуық болса, кейін олардың саны 50-60-ты аққуды құрады. Алда бұған қатысты жауапты тарап өз жұмысын жүргізеді, - деді Ғаббас Досатов. 

Ал Маңғыстау облысының экология департаменті Қаракөл көлінен алынған су сынамалары ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан аспағанын алға тартты. 

Департамент мамандары Каракөл аумағында су сынамаларын тексеру кезінде шектен тыс концентрациясынан аспағанын анықтады. Бұл ретте көлдің суы құстар үшін ешқандай қауіп төндірмейді. Сондықтан құстардың қырылуын көл суымен байланысты емес, - деді Маңғыстау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі. 

Таяуда Маңғыстау облысында ерекше қорғаудағы Қаракөл көлінің жағасынан отызға жуық аққудың өлексесі табылған еді. Кейін аталған іске қатысты тиісті  сараптама жұмыстары тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға