Жаңалықтар

Маңғыстауда 60-қа жуық оқушы астан уланды

Маңғыстауда 60-қа жуық оқушы астан уланды
Фото: pixabay.com 07.09.2024 19:16 370

Балалар іш ауруы мен дене қызуына шағымданып, дәрігердің көмегіне жүгінген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұнайлы ауданында тамақтан уланған балалар бақылауға алынды.

Мұнайлы ауданында №8 мектептің 21 оқушысы 6 қыркүйек күні кешкі мезгілден бастап жедел жәрдем шақырып бастаған. Шағымдары: іш ауруы, дене қызуының көтерілуі. Бүгінгі күні, сағат 13:15-тегі жағдай бойынша 58 бала медициналық көмекке жүгінді. 26 бала емханада ем қабылдап жатыр, 27 бала үй жағдайында бақылауда, 5 бала ауруханаға жатқызылды, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мөлдір Әділ.

Жағдайдың неден болғанын анықтау мақсатында Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлама берілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға