Жаңалықтар

Маңғыстауда 44 қой ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Маңғыстауда 44 қой ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Фото: polisia.kz 10.03.2023 16:41 1224

Маңғыстауда 4 адамнан құралған қылмыстық топ мал ұрлаумен айналысқан. Олар 44 қой ұрлап, шаруа қожалығының иесіне 3,3 млн теңгеге жуық шығын келтірген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі мен ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары және патрульдік полиция ротасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары барысында ГАЗель көлігі тоқтатылды. Тексеру барысында көлік құралының жүк салғышынан ұрланған үш қой табылып, төрт адамнан құралған қылмыстық топ құрықталды. Ұрланған мал жеке шаруа қожалығына тиесілі болып шықты. Әрі қарай, ұсталған күдіктілерді тергеп-тексеру нәтижесінде олардың тағы 44 қой ұрлығына қатысы бар екендігі белгілі болды. Жәбірленушіге келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемі 3,3 млн теңгеге жуық", - делінген ақпаратта.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Маңғыстау ауданы полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға