Маңғыстауда 200-ге жуық адам қар құрсауында қалды

Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
27.02.2025 15:50
526
Маңғыстау облысында 200-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Маңғыстау облысында Ақтау қаласы мен әуежай арасындағы облыстық маңызы бар автожолда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше көлік қар құрсауында қалып қойды.
ТЖМ қызметкерлері жедел құтқару жұмыстарын жүргізіп, 198 адам мінген 71 автокөлікті қауіпсіз жерге сүйреп шығарды. Қазіргі уақытта да авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Қазгидромет мамандары 27 ақпан мен 1 наурыз аралығындағы ауа райына болжам жасады:
- 27 ақпан – шығыста, сондай-ақ түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қар жауады;
28 ақпан – оңтүстік-батыста қатты қар күтіледі;
1 наурыз – солтүстік-батыс өңірлерде қарлы боран болуы мүмкін.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға ұзақ сапарға шықпас бұрын ауа райы болжамын қадағалап, қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертеді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қосылған құн салығына қатысты оңтайлы шешім табу қажет – депутат
Келесі жаңалық
Қапшағай су қоймасына 20 шақырым заңсыз торлар қойылған