Маңғыстауда 11 келі қара уылдырық тәркіленді

Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ
26.02.2025 17:37
478
Маңғыстау облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында Ақтау қаласында 34 жастағы азаматты ұстады. Жеке тінту кезінде одан 5,2 келі қара уылдырық табылып, тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ мәліметінше, кейін жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы азаматтың тұрғылықты жеріне тінту жүргізіліп, полиция тағы 5,8 келі қара уылдырық тәркіледі.
Тәркіленген уылдырықтың жалпы салмағы шамамен 11 келіні құрады.
Тергеу жалғасуда.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қолма-қол ақшасыз үй сату: Тұрғын үй саласындағы жаңа тәртіп