Маңғыстау тұрғыны бірнеше жыл Өзбекстан азаматын құлдықта ұстап келген
Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі
19.09.2023 05:35
609
«STOP Трафик» жедел-профилакалық шарасы барысында Маңғыстау облысы ПД БЖББ қызметкерлері бірнеше жыл бойы Өзбекстанның 44 жастағы азаматын маңғыстаулық тұрғын еңбек құлдығында ұстап келгенін анықтады. Ер адамның құжаттарын тартып алып, мал бағуға және үй шаруасын істеуге мәжбүрлегені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Өзбекстан азаматы елдімекеннен 90 шақырым қашықтықтағы қыстауда құлдықта болған. Бұл дерек қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (пайдалану мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша СДТБТ-да тіркелді. Қазір осы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Атыраудағы университетте түрік тілі оқытылады
Келесі жаңалық
35 градус аяз күтіледі