Жаңалықтар

Маңғыстау облысының прокуроры тағайындалды

Маңғыстау облысының прокуроры тағайындалды
Фото: Бас прокуратура 17.05.2024 17:20 954

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Айдос Серікханұлы Майлыбаев Маңғыстау облысының прокуроры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

А. Майлыбаев еңбек жолын 2001жылы Жамбыл облысы Тараз қаласы прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы Жамбыл және Панфилов аудандарының прокуроры, Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 4 жылдан астам Ақмола облысының прокуроры болды.

А.Майлыбаев заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және 2-дәрежелі «Айбын» орденімен наградталған.

Прокуратураның құрметті қызметкері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға