Жаңалықтар

Маңғыстау облысының экологиялық ахуалы талқыланды

Каспий теңізін қорғаудың өзекті мәселелері
Маңғыстау облысының экологиялық ахуалы талқыланды
Фото: gov.kz 25.12.2022 16:17 4653

Ақтау қаласында Мемлекет басшысының Жарлығын орындау аясында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Халықпен кездесу барысында облыстың экологиялық жағдайының кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, Экологиялық мониторинг нәтижелеріне сәйкес Ақтау қаласының атмосфералық ауаның ластануыжоғары ретінде сипатталады. Сондай-ақаспалы бөлшектердің (шаңның) жоғары мөлшері Маңғыстау өңіріне тән болғандықтан, ол қатты желмен байланысты, соның салдарынан шаң пайда болғандықтан табиғи фактор болып табылады. Алайда, аймақ бойынша ауаның өте жоғары ластану жағдайлары анықталған жоқ.

Осы жылдың 9 ай ішінде ел бойынша ауаға ластаушы заттар шығарындыларының 900 мың тоннаның 70 мың тоннасы Маңғыстау облысына тиесілі. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 31,1 пайызға жоғары (53,3 мың тонна). Шығарындылардың өсу себептері көмірсутек шикізатының жаңа кен орындарын игеру және қолданыстағы кен орындарында мұнай мен газ өндіруді ұлғайту болып табылады. 

Өңірдің негізгі экологиялық проблемалары: радиоактивті қалдықтарды «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына орналастыру, тарихи жинақталған мұнай қалдықтары, иесіз химиялық қалдықтарды орналастыру, карьерлер қызметінен шаңдану, қалдықтарды басқарудың жетілмеген жүйесі және тағы басқалар болып табылады.

Халықты алаңдататын басқа мәселе – бұл қалдықтарды басқару мәселелері. Осы жылдың 9 айы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 31 пайызды құрады. Бұл былтырғы жылғы деңгейден 3,7 пайыздық тармаққа жоғары (27,3%).

Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділер мәселесі алаңдатады. Космомониторинг шеңберінде 108 қоқыс үйінділері анықталды, оның ішінде әкімдік деректері бойынша 72 пайыз немесе 67 қоқыс үйіндісі жойылды.

Қоқыс үйінділерінің пайда болу себептерінің бірі заңдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының болмауы, облыс бойынша 23 полигонның 7 полигоны экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді.

Министрліктің атына Каспий теңізі мен Қаракөл көлінің таяздануы бойынша шағымдар келіп түседі. Соңғы жылдары Каспий теңізінің таяздануы ағып жатқан өзендер арқылы су ағынының төмендеуі мен климаттық факторларға байланысты болды. Каспий теңізіне негізгі су ағыны Еділ (90%) және Жайық (2%) өзендерінен келеді.

Бұдан басқа, Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Каспий теңізін зерттеу жөніндегі мемлекеттік ғылыми институт құру мәселесі пысықталуда.

Қаракөл көлінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында Министрлік облыс әкімдігімен бірлесіп Қаракөл көлінен Каспий теңізіне құяр жеріне қатысты техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу туралы шешім қабылдады.

Баяндамадан кейін комиет төрағасының ақтаулықтармен тікелей диалогы өтті, онда әрбір тілек білдіруші «Еркін микрофон» арқылы өзін қызықтыратын сұрақты қоюға мүмкіндік алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға