Маңғыстау облысының білім бөлімінің басшысы ұсталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
20.11.2023 13:16
968
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласында заңсыз баюдың жемқорлық схемасын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Антикор мәліметінше, жүргізілген жедел-тергеу іс-шаралардың нәтижелері бойынша Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы әшкереленді.
Ол аз қамтылған отбасылардан шыққан отбасыларға тамақтандыру қызметтерін көрсету бойынша жасалған шарттар шеңберінде орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны, ақша қаражатын аудару және жалпы қамқорлығы үшін пара алу фактісі бойынша күдіктелуде, - делінген мәліметте.
Соттың санкциясымен күдікті қамауда ұсталады.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға